Жаныңда жүр жақсы адам
Адам өмірде өзіне жақын да, жақсы адамдарды іздейді. Бірақ көбінесе сол жандардың қасымызда жүргенін байқай бермейміз. Неге? Себебі олардың ба-ғасына жетпей жатып мін тағамыз. Біз бәрін жиі асығыс қабылдаймыз. Кейде соған өкінетін кездерде болатыны өтірік емес. Адамды танып білмей жатып сыртынан әңгімелеу ең сорақы іс деп ойлаймын. Осы туралы талай ғалымдар өз пікірлерін білдірген еді. Олардың пікіріне сүйене білсек жанымыздан жақ-сы жандарды таба білеміз.Сонымен қатар өзімізге де дос таба аламыз. Сенім- адам бойындығы ең асыл қасиет. Сенімді жоғалтпау одан да жақсы қасиет. Біз адамдарға күдікпен қарамас бұрын байыбына жете білеміз бе? Жоқ. Егер біз сеніммен қарамасақ басқалар біз жайлы не ойлайтыны, бізді тіпті қызық-тырмайды да. Сен басқаларды қалай қабылдасаң, оларда сені солай қабылдай ды. Мүмкін содан да болар маңайымызда жақсы адамдар болса да көрмейтіні міз. Жақсы адамды кемітіп, жамандардың абыройын асыратын. Бұл біздің бір жағынан надандығымыз. Меніңше басқаларға ғана ақыл айта жүрмей өзімізді де түзей жүрген абзал.Сонда бізде басқаларға үлгі боламыз. Ой елегінен өткізсең бейне бір үкі секілдіміз. Яғни жақсыны, жарықты көр мейміз, ал жаманды,қараңғыны көреміз. Адамның сол үкіден еш айырмашы лығы болмай бара жатқаны көңілге қаяу салады. «Жақсы адамдар көздің нұры, Жанның бағы»- дейді ғой. Бұл сөзбен келіспейтіндер бар шығар. Бірақ бұл сөздің мағынасы тереңде. Кейбір адам көзге түртсе түрткісіз балып тұрады, ал кейбірі тіпті керісінше. Жаныңды жаздай жадыратып, қуанышқа бөлейтіндер болса, бірі жиі көңіліңді қалдырып, ауыр сөздер айтатындарда баршылық. Көбіне адамдарды жақсы жағынан көруге тырысу керек әрі қажет. Жақсылық бәрібір жеңеді. Жаныңда жүрген ең керемет те, жақсы жандардың бағасын біле жүрейік.
Жақсы жандар толған сенің жаныңда
Айналаңа бір қарашы адамзат
Қамқор жандар аймалаған қасыңда
Бағалай біл,бағасын біл
Адамзат...
Бір күн болар,
Бір күн болмас,
Алдыңда...
Қиден Нүрилә
7-сынып
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау