1-наурыз Алғыс айту күніне орай 7 сынып оқушыларымен «Алғыс айту парызымыз» тақырыбына тәрбие сағаты
"1-наурыз Алғыс айту" күніне орай 7-сынып оқушыларымен "Алғыс айту парызымыз!" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты өте қызықты өтті. Ең алдымен оқушылар шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне тілек тіледі. Одан кейін әр түрлі сұрақтарға жауап берді. Екі топқа бөлініп тақырыпқа сай қысқаша көрініс көрсетті. Одан кейін әр түрлі қызықты мәліметтермен танысып, "рахмет айту" тақырыбына видео-ролик көрді. Оқушылармен афтограф ойыны ойнатылды. Соңында оқушылар өздерінің ата-аналарына, достарына, сыныптастарына, ұстаздарға т.б. арнап тілек жазып, рахметтерін білдіріп, сурет салды. Тәрбие сағатын екі жұлдыз бір тілекпен аяқтады. Тәрбие сағатын өткізген сынып жетекшілеріне рахметтерін білдірді.