"Ұлы Жеңіс күні" мерекесіне орай "Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер" атты ұйымдастырылған іс-шара
"Ұлы Жеңіс күні" мерекесіне орай "Қайран ерлер қаһарман ардагерлер" атты мамырдың 8 жұлдызында "Жастар демалыс орталығында" мектеп ұжымы , жастар демалыс орталығы мен Қайрат ауылдық округінің әкімшілігі бірігіп мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік концертке мектеп оқушылары белсеңді қатысып, "Әлия", "Катюша", "Сарбаздар әні" айтылып, тағы да басқа бірнеше ұлттық және патриоттық әндер орындалып, билер биледі. Округ әкімі ардагерлерді шын жүректен құттықтап, сонымен бірге "Семізбай U" кенішінен де келіп құттықтап, өз сыйлықтарын табыстады. Іс-шара барысында Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлікпен қаза тапқан жерлес жауынгерлер рухына арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Сонымен бірге тылда еңбек еткен ардагерлерге мектеп асханасында мерекелік дастархан жайылып, үлкен құрмет көрсетілді.