Математика пәнінің мұғалімі Манова Салтанат Тохтарқызы 5-7 сыныптар аралығында "Қызықты математикалық есептер" сайысын өткізді. Мақсаты оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және математиканың қызықты есептерін шешуге үйрету, логикалық ойлау қабілетін дамытып, топпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру болып табылады. Сонымен қатар оқушылар жыл бойы алған білімдерін жүйелеп, өз мүмкіндіктерін, алған білімдерін көрсетті.