Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

"Ел жүрегі Астана" атты соңғы қоңырау

"Ел жүрегі Астана" атты салтанатты соңғы қоңырау өткізілді.Соңғы қоңырауда 11 түлек мектеп табалдырығынан ұшты. Биылғы жылы  көп жылдан бері болмаған "Алтын белгі" үміткері бар, ол Кенжебай Индира Серікқызы. Сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың еңбегін аялап өсірген ата аналарының үмітін ақтап, жүзден жүйрік шығып, "Алтын белгі" атануға үміткер болып отыр. Алдағы сыннан сүрінбей өтіп, үмітімізді ақтауға тілектеспіз.
  Биылғы жылғы түлектер түрлі түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жетті. Сөйтіп олар ауданымыздың білім саласындағы беделінің артуына өзіндік үлестерін қосты. Атап айтсақ, Кенжебай Индира аудандық, облыстық ғылыми жоба бойынша көптеген сайыстардың жеңімпазы атанып жүр. Осы мамыр айында өткен аудандық Мағжан оқуларында шығармаларын орындау кезеңіне қатысып, ІІ жүлделі орынға ие болды. Соколова Анжелика Махамбет оқуларының аудандық кезеңінде  І орын алып, облысқа жолдама алды. Қайырбек Аружан Мағжан оқуларының аудандық кезеңінде ғылыми жоба бойынша ІІ орын алды. Әлімбек Айзат "Жарқын болашақ" олимпиадасында "Тілші әдебиетші " номинациясы бойынша ІІ орын алды. Зайт Райымбек "Жарқын болашақ" олимпиадасында "Әнші бұлбұлдар" номинациясы бойынша ІІІ орын алды, химия пәнінен аудандық олимпиадада ІІІ орынға ие болды.Балташ Данияр, Балташ Алдияр, Сілмен Жомарт еркін күрестен түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Алдағы уақытта да түлектерімізге  тек биіктерден көрінуге тілектеспіз.
Үлкен өмір жолына бастар қадамдары сәтті болып, ақ жол тілейміз. 





Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь