Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Мектепке жақсылық жасау-парасаттылықтың көрінісі

      Әр адамға қанатының кеңістікке жайылуына мүмкіндік берген мектебі-алтын ұясында өткізген уақыты шаттыққа толы ұмытылмас кезең болып саналады. Мектеп-білім мен тәрбие ошағы. Алғашқы және соңғы қоңырау үні, қырық бес минуттық сабақ, білікті ұстаздарың, сыныптастарың-бәрі жүрегіңе жылулық лебізін сіңіргендей...  Қуаныш пен түрлі естеліктерді сақтап қалған мектеп жылдан-жылға түлектерді жаңа өмірге шығарып салады. Олардың әрқайсысына құнарлы тәрбие беріп, кәмелеттік жасқа жеткізеді. Түлектердің алдында бағындырар талай белестер тұрады.
           Қырық жылдан астам тарихы бар Мортық орта мектебінің қабырғасынан осы жылдар ішінде қаншама жастар қанаттарын қатайтып, биікке ұшырылды. Бүгінгі күні аталмыш мектепте заман ағымына сай білім мен тәрбие беруде жиырмадан астам ұстаз аянбай еңбек етуде. Әр ұстаздың еңбек жолындағы басты мүддесі-білім берумен қатар елінің ертеңі болар елжанды азамат тәрбиелеу. 
          Жақында мектебімізге демеушілік жасаған 1978-1979 жылдары туылған түлектеріміз, атап айтсақ, Боткин Н., Ахметова Ж., Байгонов С., Кабдылуахитов А., Айтжанова А., Нурова К.қолдан келген жәрдемін ұсынып, қазақ тілі кабинетіне магнитті-маркерлі тақтаны сыйға тартты.  «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген игі дәстүр қол ұшын беру арқылы жақсылыққа қадам бастайды. Ал киелі орда-мектепке жақсылық жасау-парасаттылықтың айқын көрінісі. Қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілін танытуда осы демеуші түлектеріміздің мұндай қадамы өзге де түлектерге үлгі болуы тиіс. Шәкірттер үшін жасалған бұл игі іс жанашыр, елжанды азаматтардың өсіп-жетілуінің кепілі, ел ертеңін ойлау деп білеміз.Жүрек қалауымен жасалатын игі бастамалар өз жалғасын табуда. Ақжарқын көңілімен өз көмегін ұсынуды азаматтық парызы деп санаған  демеуші түлектерімізге ыстық ықыласы  үшін  алғысымызды білдіреміз. Мерейілеріңіз үстем, абыройларыңыз асқақ, беделдеріңіз биік болуына тілектеспіз!
                                                                          Мектеп ұжымы атынан
                                                                                                                                                               қазақ тілі мұғалімі Кабдылуахитова Г.Е.





Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь