Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

bilim land

block2_eop.png?_=1495530690
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

«Бала еңбегін қанауға жол бермейік!» тақырыбына мақала

 
     
     

"Бала еңбегін қанауға жол бермейік!"

      1-12 маусым аралығында еліміздің барлық өңірлерінде  «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқан өткізіледі. Ұлттық ақпараттық науқан мақсаты –  кәмелетке толмаған жасөспірімдер еңбегінің заңсыз пайдаланылуына жол бермеу.
 Бүгінгі күні бала еңбегі проблемасы барлық мемлекеттерде  орын алып отыр.Біздің елімізде де балаларды еңбек күші ретінде пайдалану деректері де молынан кездеседі.Бұл еліміздің жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуына нұқсан келтіреді.Көбінесе ауыр еңбекке тұрмыс деңгейі төмен отбасылардың балалары араласуға мәжбүр болады. Бала еңбегі экономиканың барлық салаларында ұшырасады.Мысалы, базарларда, кәмелетке толмағандардың еңбегі көкөністер мен жемістерді сұрыптау, жүк тиеу жұмыстары («арбакеш»),құрылыс жұмыстары, кей кезде жастары кіші кәмелетке толмағандар «қайыршы» ретінде пайдаланылуы мүмкін. Біраз жұмыс берушілер бала еңбегін пайдалануды тиімді, әрі арзан деп, бұғанасы қатпаған жасөспірімдерді жұмысқа жалдайды. Әрине, балалар еңбегін еңбек тәрбиесімен шатастырмау керек. Еңбек тәрбиесі деп әке-шешеге көмектесу, қоғамдық жұмысқа араласуды есептейміз. Осындай еңбектің бала үшін еш қаупі болмайды.
      Көптеген мемлекеттерде бала еңбегін шектейтін заңнамалар бар. Балаларға қатысты еңбек заңына сүйенсек,        18 жасқа толмағандарды ауыр жұмысқа араластыруға тыйым салынған. Жас ерекшеліктеріне қарай күніне 2 жарым сағаттан 4 сағатқа дейін ғана еңбек ету рұқсат етілген. Сондықтан, еліміздің әрбір азаматы «Заңды білу-заман талабы» екенін түсіне отырып, кәмелетке толмаған балалардың еңбегінің заңсыз пайдаланылуына жол бергізбеуі тиіс. Баланың заңсыз еңбегі қаналмау үшін балалар да өз құқықтарын біліп жүруі керек.


Кабдылуахитова Г.Е.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь