17-ақпан күні Ағылшын тілінен 5 және 6 сынып оқушыларымен сыныптан тыс "Favourite English" атты сайыс сабағын Мухамеджанова Д.М. өткізді. Сайыс барысында екі топ әр түрлі қызықты тапсырмаларды белсенділікпен, қызығушылықпен орындап қатысып отырды. Сонымен қоса Ұлыбритания жайлы видео көрсетіліп, қысқаша тарихымен таныстырылды.